«Оның есімі – даналықтың, мейірім мен ізгіліктің символы, келер ұрпаққа өнеге болар асыл мұра»
Мариям апай ұстаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі Насимолда Ташкенбаев – өз дәуірінің білімді, беделді ұстазы болған. Бес баласының төртеуі әке жолын жалғастырып, ұстаздық мамандықты таңдаған. Мариям апайдың балалары Күлмаш пен Сәуле де педагогикалық жолды таңдаған.
Қиын соғыс жылдарында жас болса да, Мариям апай тылда аянбай еңбек етіп, жеңіске өз үлесін қосты. Ол «Тыл еңбеккері» мәртебесіне ие болған және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» медалімен марапатталған. Сонымен қатар, адал еңбегі мен жоғары жауапкершілігі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Мариям Насимолдақызы Өскемен педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдап, мектепте математикамен қатар орыс тілінен де сабақ берген. Көп жылдар бойы бастауыш мектеп меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарып, бастауыш партия ұйымының хатшысы болған. Сондай-ақ, үш мәрте Боран ауылдық кеңесінің депутаты болып сайланған.
1955-60 жж - Самар ауданы Бастаушы, Құлынжон, Қараөткел ауылдарында математика пәні мұғалімі
1960-1962 жж - Алексеевка орта мектебі, математика мұғалімі
1962-1965 жж - Горный орта мектебі, мұғалім
1965-1971 жж – Қалжыр орта мектебі, математика мұғалімі
1971-1974 жж – Прииртыш бастауыш мектебінің меңгерушісі
1974-1976 жж – Прииртыш орта мектебі, математика мұғалімі
1976-1980 жж - Прииртыш орта мектебі, оқу ісінің меңгерушісі
1980-1984 жж – Рождественка орта мектебінің директоры
1984-1986 жж – Прииртыш орта мектебінің директоры
Кеңес дәуірінде КПСС партиясының мүшесі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласып, халықтың сеніміне ие болды. Мариям апай ән салуды ұнатқан, өзі және жетекшілік еткен мектеп ұжымы аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері атанып, бірнеше мәрте марапатталған. Мариям Насимолданқызы туған ауылы Прииртышьенің дамуына зор үлес қосты:
Ұлан ауданына қоныс аударған соң да Мариям апай қоғамдық өмірден шет қалған жоқ:
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек